Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы № 71 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 тамыздағы № 824 Қаулысы (күші жойылды)

«Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы № 71 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 тамыздағы № 824 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 901 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы № 71 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., №2, 31-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттары осы қаулыға қосымшаға сәйкес және редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2013 жылғы 21 тамыздағы

№ 824 қаулысына қосымша

 

Қазақстан Республикасы

 Үкіметінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы

№ 71 қаулысымен бекітілген

 

 

Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану

қағидалары мен шарттары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға немесе концессионерге берілген Қазақстан Республикасының ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) және көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттарын айқындайды.

2. Осы Қағидаларда Заңда көзделген ұғымдар және мынадай ұғымдар пайдаланылады:

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку