Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІНІҢ 2012.08.02 № 54 БҰЙРЫҒЫ

Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 8 ақпандағы № 54 бұйрығы

 

Осы редакция 2013 жылғы 29 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет туралы» Заңының 8-бабы 7-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережесі бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетіне жүктелсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Б. Имашев

 

Қазақстан Республикасы

Әділет Министрінің

2012 жылғы 8 ақпандағы

№ 54 бұйрығымен бекітілген

 

 

Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы

 ереже

 

1. Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ереже (әрі қарай Ереже) адвокаттың тағылымдамадан өтушінің тағылымдамадан өту тәртібі мен шарттарын белгілейді.

2. Адвокаттық қызметтің кәсіптік білімдері мен практикалық дағдыларын игеру тағылымдамадан өтудің мақсаты болып табылады.

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет туралы» Заңның 7-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сай келетін және тағылымдамадан өтуге ниет білдірген адам көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, тағылымдамадан өтуге жіберу туралы өтінішпен адвокаттар алқасының төралқасына жүгінеді:

1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) жоғары заң білімі туралы дипломның көшірмесі (салыстыру үшін дипломның түпқұжаты берілмесе нотариалды куәландырылған көшірмесі);

3) еңбек кітапшасының немесе басқа заң мамандығы бойынша жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмесі;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку