(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.18.07 № 817 ҚАУЛЫСЫ
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 Қаулысы
(2012.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 13 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1772 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 18 шілдедегі
№ 817 қаулысымен
бекітілген
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын
адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға
мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi, «Халықтың көшi-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына және «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысына сәйкес әзiрлендi.
Редакция документа
Демо – версия документа