«Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 Жарлығы (2023.15.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы
(2023.15.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 2023.02.10. № 364 Жарлығымен преамбула жаңа редакцияда (2023 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес халықты терроризм актісі қатерінің туындауы туралы уақтылы хабардар ету және оның жасалуына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті ұйымдастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдары өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2013 жылғы тамыздың 9-ы.
№ 611
Президентінің
2013 жылғы 9 тамыздағы
№ 611 Жарлығымен
бекітілген
Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік
жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуінің тәртібін белгілейді.
Демо – версия документа