Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 544 Жарлығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

 

ҚР Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен күші жойылды

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 54, 532-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбында және 1-тармағының 1) тармақшасында «жөніндегі» деген сөз алып тасталсын;

2-тармақ алып тасталсын;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі туралы ереже осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің құрылымы осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2013 жылғы сәуірдің 16-ы.

 

№ 544

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2013 жылғы 16 сәуірдегі

№ 544 Жарлығына

1-ҚОСЫМША

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

1999 жылғы 3 желтоқсандағы

№ 280 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы
ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, мемлекеттік қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку