(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1998.28.12. № 337-1 ЗАҢЫ
Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы № 337-I Заңы
(2011.26.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 4 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң ұлттық экономиканы импорттық тауарлармен бәсекелестік жағдайына бейімдеу үшін отандық тауар өндірушілерді және Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қорғау мақсатында белгіленетін қорғау шараларын қолдану процесінде туындайтын қатынастарды реттейді.
ҚР 1999.20.07. № 443-I Заңымен 1-бап өзгерді және толықтырылды
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) уақытша қорғау шаралары - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде кеден органдары қорғау баждары түрінде қолданатын алдын ала қорғау шаралары;
2) мүдделі тұлғалар (тараптар) - іс қарау объектісі болып табылатын ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды отандық өндіруші не қатысушылардың көпшілігі сондай тауар өндіретін отандық өндірушілердің бірлестігі;
іс қарау объектісі болып табылатын тауарды шетелдік экспорттаушы мен тауарды шетелдік өндіруші;
тауарды отандық импорттаушы немесе қатысушыларының көпшілігі сондай тауарды импорттаушылар болып табылатын отандық импорттаушылардың бірлестігі;
шет мемлекеттің үкіметі, тауарды шығарған немесе сондай тауарды экспорттаған елдің уәкілетті органы не сондай тауар шығарылатын немесе оны экспорттайтын елдер кіретін шет мемлекеттер одағының уәкілетті органы;
тауарды тұтынушы немесе тұтынушылардың бірлестігі;
Қазақстан Республикасының атқарушы өкімет органдары;
осы іс қарау құқықтары мен мүдделерін қозғайтын және осы Заңның 6-бабында аталған уәкілетті органның пікірі бойынша осы іс қарауды жүргізуге жәрдем көрсете алатын өзге де тұлғалар;
Редакция документа
Демо – версия документа