(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2002 Ж. 11 ШІЛДЕДЕГІ № 343-II ЗАҢЫ
Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы
2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(2013.13.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ |
|
|
Осы Заң кемтар балаларды әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсiби даярлау iсiмен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар
Осы Заңда мынадай негiзгi терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау - кемтар балаларға тұрмыс-тiршiлiгіндегі шектелудi жою және оның орнын толтыру үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ететiн және оларға басқа азаматтармен бiрдей қоғам өмiрiне қатысу мүмкiндiктерiн жасауға бағытталған арнаулы әлеуметтiк, медициналық және білім беру қызметтерiн көрсететiн білім беру, халықты әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметi;
2) кемтар бала (балалар) - белгiленген тәртiппен расталған, туа бiткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан тiршiлiк етуi шектелген, дене және (немесе) психикалық кемiстiгi бар он сегiз жасқа дейiнгi бала (балалар);
Редакция документа
Демо – версия документа