(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2012.13.02 № 552-IV ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы
(2013.16.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
9-тарау. Қызметкерлерді ақшалай қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау | |
10-тарау. Арнаулы мемлекеттік органдарды қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету | |
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының (бұдан әрі - арнаулы мемлекеттік органдар) мәртебесiн айқындайды, арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) адъюнкттар мен докторанттар - жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша жоғары арнаулы (әскери) оқу орындарында білім алатын қызметкерлер;
2) арнайы жиындар - арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қызметтік-жауынгерлік даярлығы жөніндегі іс-шаралар;
3) арнаулы атақ - қызметкерге берілетін арнайы айырым белгісі;
Редакция документа
Демо – версия документа