(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.20.12 № 1633 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жөніндегі үйлестiру кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1633 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 17 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту мәселесі бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жөніндегі үйлестiру кеңес(бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1633 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жөніндегі
үйлестіру кеңесінің құрамы
Ахметов Серік Нығметұлы
| - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға |
Келімбетов Қайрат Нематұлы
| - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары |
Құсайынов Марат Әпсеметұлы
| - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі, хатшы |
Исекешев Әсет Өрентайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі |
Көшербаев Қырымбек Елеуұлы
| - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары |
Жәмішев Болат Бидахметұлы
| - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Досаев Ерболат Асқарбекұлы
| - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі |
Имашев Берік Мәжитұлы
| - Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі
|
Қайырбекова Салидат Зекенқызы
| - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
Редакция документа
Демо – версия документа