Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.21.10 № 1060 ҚАУЛЫСЫ

Донорлық қан мен оның компоненттерiн Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 21 қазандағы № 1060 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 6 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қан мен оның компоненттерiнiң донорлығы туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Донорлық қан мен оның компоненттерiн Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру ережесi бекітілсiн.

2. Осы қаулы алғаш peсми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Yкіметінiң

2005 жылғы 21 қазандағы

№ 1060 қаулысымен

бекiтiлген

 

 

Донорлық қан мен оның компоненттерiн Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру

ережесi

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ереже «Қан мен оның компоненттерiнiң донорлығы туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңын iске асыру мақсатында әзiрлендi және донорлық қан мен оның компоненттерiн Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру тәртібін белгiлейдi.

2. Донорлық қан мен оның компоненттерiн Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетудi қан мен оның компоненттерiн дайындауға, консервациялауға, өңдеуге, өндiруге, сақтауға және өткiзуге лицензиясы бар қан қызметi саласындағы ұйымдардың (бұдан әрi - өтiнiш берушi) әкетуге рұқсаты болған кезде жүзеге асырылады.

3. Осы Ереженi бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

 

2. Донорлық қан мен оның компоненттерiн Қазақстан Республикасынан

тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру тәртібі

 

4. Донорлық қан мен оның компоненттерiн, қан препараттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку