Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.12.11 № 1434 ҚАУЛЫСЫ

Аудиторлық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қарашадағы № 1434 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 5 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті аудиторлық қызметті жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті орган - лицензиар (лицензиялар (оның ішінде телнұсқалар) беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру) ретінде айқындалсын.

3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Аудиторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі № 601 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 24, 282-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі № 601 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 мамырдағы № 639 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 22-23, 200-құжат);

3) «Аудиторлық қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі № 601 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 қарашадағы № 1318 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 29-құжат).

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 12 қарашадағы

№ 1434 қаулысымен

бекітілген

 

 

Аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар

тізбесі

 

Р/с №

Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку