«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 мамырдағы № 560 Қаулысы (күші жойылды)
«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 мамырдағы № 560 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасында:
«Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы» алынып тасталсын;
«Ағымдағы жағдайды талдау» деген 3-бөлімде:
он үшінші бөліктің екінші сөйлеміндегі «кейіннен» деген сөз алынып тасталсын;
«Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4-бөлімде:
«Бағдарламаның нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген кіші бөлімде:
кестенің «Жауапты мемлекеттік орган» деген бағанындағы «ҚТКШІА» деген аббревиатура «ӨДМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
«Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген 5-бөлімде:
бірінші бөліктің 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-тың тұрғын үйлері.»;
«ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй» деген кіші бөлімде:
сегізінші бөліктегі екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Ол үшін ЖАО жергілікті бюджетте тиісті жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат сомасының 15 %-ына дейін резерв қалыптастыруы қажет.»;
«ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй» деген кіші бөлімде:
1) тармақшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй»;
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тұрғын үй құрылысы аяқталғаннан кейін тұрғын үй, алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздары, жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары және меншікті қаражат есебінен;»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа