(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.22.08 № 1068 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Осы редакция 2013 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 22 тамыздағы
№ 1068 қаулысымен
бекітілген
«Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 10 кіреберіс, 7-қабат, № 753 кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті (бұдан әрі - Комитет) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы № 48 Заңы 25-2-бабының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - ТЖМ) www.emer.kz интернет-ресурсында орналастырылған, сондай-ақ 8(7172) 74-22-35 телефон нөмірі арқылы ұсынылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі қағаз тасығышта өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу аттестаты немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алушы осы Стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі -он бес жұмыс күні;
2) мемлекет қызметті алу үшін қажетті құжаттарды қабылдағанға дейін күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - жиырма минут;
3) өтініш иесі жүгінген күні орнында көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең көп рұқсат берілген уақыты - жиырма минут;
4) мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты ұсыну мерзімі - хаттамалық шешім шығарған сәттен бастап бес жұмыс күні.
Редакция документа
Демо – версия документа