Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.19.12 № 1620 ҚАУЛЫСЫ

Байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1620 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 21 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған байланыс саласында қызметтер ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыруға өтініш берушінің біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті байланыс саласында қызметтер ұсыну жөніндегі қызметтің лицензиары болып белгіленсін.

3. «Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгілеу жөніндегі біліктілік талаптары мен өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 909 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 31, 429-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгілеу жөніндегі біліктілік талаптары мен өлшемдерінде:

1-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс қызметтерін көрсетуде операторға мынадай негіздерде талаптар қойылады:»;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) акцияларды (үлестерді, жарналарды) бөлу өзгерген кезде байланыс операторы екі апта мерзімде лицензиарға растау құжаттарын ұсына отырып тиісті ақпаратты береді;»;

3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«ҚХБО желілерімен басқа байланыс операторларының телекоммуникация желілерінің өзара іс-қимылын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін трафикті өткізуді және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, Телекоммуникация желілерін қосу және өзара іс-қимыл ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.»;

4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку