«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 507 Қаулысы (2020.28.10. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 507 Қаулысы
(2020.28.10. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 21 мамырдағы
№ 507 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2015.10.08. № 622 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2014.12.03. № 229 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2016.23.05. № 298 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2013.18.09. № 983 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 901 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 901 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
7. «Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін авиамаршрутқа арналған конкурс өткізу және авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1221 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 2, 16-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін авиамаршрутқа арналған конкурс өткізу және авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларында:
11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың не куәліктің көшірмесі;»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама не куәлік
Демо – версия документа