(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.30.11 № 1520 ҚАУЛЫСЫ
«2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 Қаулысы
(2013.13.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 16 сәуірде және 24 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2013.27.02. № 189 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.29.03. № 312 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. 2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет мынадай көлемде атқаруға қабылдансын, оның ішінде 2013 жылға:
1) кiрiстер - 5 331 517 063 мың теңге, оның iшiнде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер - 3 736 035 959 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 58 833 042 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 19 450 000 мың теңге;
трансферттердің түсiмдерi - 1 517 198 062 мың теңге;
2) шығындар - 6 034 815 563 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 27 322 863 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 116 487 080 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 89 164 217 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 65 615 194 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 80 052 694 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 14 437 500 мың теңге;
5) тапшылық - -796 236 557 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 2,2 пайызы;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 796 236 557 мың теңге.
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 2013 - 2015 жылдарға арналған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасына кейінге қалдыру шарттарымен енгізілген, ерекше маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі;
Редакция документа
Демо – версия документа