«Халықаралық, ұлттық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын есептік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламентi (Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 509 бұйрығына 3-қосымша) (күші жойылды)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 тамыздағы № 880 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрі
міндетін атқарушының
2012 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 509 бұйрығына 3-қосымша
«Халықаралық, ұлттық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі
нормативтік құжаттарын есептік тіркеу»
мемлекеттік қызмет регламентi
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Халықаралық, ұлттық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын есептік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - Комитет) көрсетеді.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - автоматтандырылмаған.
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 24-бабының;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1129 қаулысымен бекітілген «Халықаралық, ұлттық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын есептік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт).
5. Халықаралық, ұлттық стандарттардың және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының (олардың ресми аудармаларының) мұқабаларында (титул беттерінде) тіркеу нөмірін көрсете отырып мөр қою не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап (бұдан әрі - дәлелді бас тарту) мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде басқа мемлекеттік органдардың қатысуы көзделмеген.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
Документ утратил силу
Демо – версия документа