Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Халықаралық, ұлттық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын есептік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1129 Қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 175 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 31 тамыздағы

№ 1129 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Халықаралық, ұлттық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау
жөніндегі нормативтік құжаттарын есептік тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандарты

 

«Халықаралық, ұлттық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын есептік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламентiн қараңыз

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Халықаралық, ұлттық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын есептік тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - Комитет) мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, «Эталон орталығы» ғимараты, Орынбор көшесі, 11 үй көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 24-бабының және «Қазақстан Республикасы аумағында стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, шетел мемлекеттерінің ережелері мен ұсынымдарын есепке алу және қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 39 бұйрығының (бұдан әрі - Ереже) негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Комитеттің www.memst.kz интернет ресурсының «Құқықтық база» бөлімінде орналастырылған.

5. Халықаралық, ұлттық стандарттардың және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының (олардың ресми аудармаларының) мұқабаларында (титул беттерінде) тіркеу нөмірін көрсете отырып мөр қою не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку