«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудитор біліктілігін беру туралы сертификатты беру» мемлекеттік қызмет регламентi (Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 509 бұйрығына 2-қосымша) (күші жойылды)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 тамыздағы № 880 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрі
міндетін атқарушының
2012 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 509 бұйрығына 2-қосымша
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудитор біліктілігін беру туралы сертификатты беру»
мемлекеттік қызмет регламентi
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудитор біліктілігін беру туралы сертификатты беру» бойынша мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - Комитет) көрсетеді.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - автоматтандырылмаған.
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 7-бабының 11) тармақшасы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1129 қаулысымен бекітілген «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудитор біліктілігін беру туралы сертификатты беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт).
5. Қағаз жеткізгіштегі өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудитор сертификаты (бұдан әрі - сертификат) немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан жазбаша түрде дәлелді бас тарту көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі (бұдан әрі - дәлелді бас тарту) болып табылады.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде басқа мемлекеттік органдардың қатысуы көзделмеген.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызмет: Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі 11, «Эталон орталығы» ғимараты, А блогы, 0505 А кабинеті мекенжайы бойынша мереке және демалыс күндерінен басқа, күн сайын, сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін көрсетіледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
8. Құжаттарды қабылдау кезек күту тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа