Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудитор біліктілігін беру туралы сертификатты беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1129 Қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2013.07.06. № 587 Қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 31 тамыздағы

№ 1129 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудитор біліктілігін беру туралы сертификатты беру»
мемлекеттік қызмет стандарты

 

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудитор біліктілігін беру туралы сертификатты беру» мемлекеттік қызмет регламентiн қараңыз

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудитор біліктілігін беру туралы сертификатты беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - Комитет) мына мекенжай бойынша ұсынады: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, «Эталон орталығы» ғимараты, Орынбор көшесі, 11 үй.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 11) тармағының және 5-бабы 2-тармағының 11-1) тармақшасы негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 313 бұйрығымен бекітілген Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында сарапшы-аудиторларды аттестаттау ережесіне (бұдан әрі - Ереже) сәйкес көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат және қажетті құжаттар Комитеттің www.memst.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

5. Қағаз жеткізгіштегі сарапшы-аудитор сертификаты немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан жазбаша түрде дәлелді бас тарту көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету жеке тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі -алушы).

7. Мемлекеттік қызметтерді көрсету Комитетке құжаттардың толық жинағы түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

Құжаттарды тапсыру кезінде кезекте тұруға кететін ең ұзақ уақыт - 20 минуттан аспайды.

Құжаттарды алу кезінде кезекте тұруға кететін ең ұзақ уақыт - 15 минут.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін негізде көрсетіледі.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку