(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2007.13.04 № 314 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы
(2012.03.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі № 331 Қаулысын қара
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес ел экономикасының бәсекеге кабілетілігі мен тиімділігін арттыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі — Мемлекеттік комиссия) құрылсын.
ҚР Президентінің 2011.22.12. № 204 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қоса беріліп отырған:
1) Мемлекеттік комиссия туралы ереже;
2) Мемлекеттік комиссияның дербес құрамы бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2007 жылғы 4-тоқсанда «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлесін және Қазакстан Республикасы Президентінің бекітуіне енгізсін.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2007жылғы сәуірдің 13-і.
№ 314
ҚР Президентінің 2012.03.10. № 401 Жарлығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 13 сәуірдегі
№ 314 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту
мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа