Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жылжитын мүлік кепілдігін тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 66 бұйрығы

«Жылжитын мүлік кепілдігін тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 66 бұйрығы

 

«Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жылжитын мүлік кепілдігін тіркеу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 913 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы»;

бұйрық мынадай редакцияда жазылсын:

«Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулық бекітілсін.».

Жылжитын мүлік кепілдігін тіркеу туралы ереже осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Б. Имашев

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2013 жылғы 27 ақпандағы

№ 66 бұйрығына

1-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

1999 жылғы 22 ақпандағы

№ 14 бұйрығымен бекітілген

 

 

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы
мүлік кепілін тіркеу бойынша

нұсқаулық

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулық (одан әрі - Нұсқаулық) «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (одан әрі - Заң) сәйкес жасалды және жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тәртібі мен жүргізу рәсімін нақтылайды, заңнамаға сәйкес жылжымалы мүлік кепілінің жекелеген түрлерін тіркеу жүктелген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеу органдарының Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолдануға жатады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку