(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.23.08 № 826 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 тамыздағы № 826 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан объектілердің энергия үнемдеуіне сараптама жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 ақпандағы № 167 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 5-6, 67-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан объектілердің энергия үнемдеуін сараптама жасаудың ережесінде:
4-тармақтағы «Энергетика және минералдық ресурстар» деген сөздер «Индустрия және жаңа технологиялар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) «Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесін жене оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 608-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Өнеркәсіп саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау ережесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі лицензиялайтын қызмет түрлерінің тізбесі осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі лицензиялайтын қызмет түрлерінің тізбесі осы Ережеге 1-1-қосымшада көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі лицензиялайтын қызмет түрлерінің тізбесі осы Ережеге 2-қосымшада көрсетілген.»;
көрсетілген Ережеге 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Редакция документа
Демо – версия документа