«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 17 шілдедегі № 85 бұйрығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 17 шілде № 85 бұйрығы
ҚР Бас прокурорының 2014 жылғы 14 қазандағы № 115 бұйрығымен күші жойылды
Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды және өзге де ақпаратты қабылдауды, тіркеуді, есепке алуды және қарауды, сондай-ақ қылмыстар туралы өтініштерді, қылмыстық істерді, оларды тергеу, прокурорлық қадағалау және сотта қарау нәтижелерін бірыңғай карточкалық есепке алуды одан әрі жетілдіру мақсатында, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа алып, бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес тізбе (бұдан әрі - Тізбе) бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін, оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін және құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне орындау үшін жолдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры |
А. Дауылбаев |
Бас Прокурорының
2012 жылғы 17 шілдедегі
№ 85 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар тізбесі
1. «Қылмыс жасаған тұлғалар туралы» № 2-Л нысанды статистикалық есепті құрастыру мен қалыптастыру бойынша Нұсқаулықты бекіту және іске қосу туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2003 жылғы 31 қазандағы № 63 бұйрығында (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 2577 болып тіркелген):
Документ утратил силу
Демо – версия документа