«Нормативтік қүқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 145 Қаулысы (күші жойылды)
«Нормативтік қүқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 145 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 52, 729-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін жүргізу мынадай кезеңдерді:
осы Қағиданың 4-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкес жүзеге асырылатын құқықтық мониторинг объектісіне қатысты ақпаратты жинауды, қорытуды және талдауды;
2) осы Қағиданың 19-тармағына сәйкес талдау анықтамасын жасауды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін ескірген, сыбайлас жемқорлықты тудыратын және тиімсіз іске асырылатын құқық нормаларын анықтаған жағдайда, тиісті нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді;
4) құқықтық мониторинг жүргізетін уәкілетті орган Қазақстан
Республикасының заңнамасына қайшы келетін ескірген, сыбайлас
жемқорлықты тудыратын және оның құзыретіне жатпайтын тиімсіз іске
асырылатын құқық нормалары анықталған жағдайда, тиісті уәкілетті органға ұсыныс жіберуді қамтиды.»;
13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа