Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 501 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

«Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2733 Конституциялық заңы 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 44, 424-құжат; 2005 ж., № 15, 174-құжат; 2006 ж., № 33, 350-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2010 ж., № 6, 76-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереже осы Жарлыққа қосымшаға сай жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев

 

 

Астана, Ақорда, 2013 жылғы ақпанның 12-і.

 

№ 501

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2013 жылғы 12 ақпандағы

№ 501 Жарлығына

ҚОСЫМША

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

1996 жылғы 11 қарашадағы

№ 3205 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ

 

 

I. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының тұрақты жұмыс істейтін мемлекеттік органы болып табылады, Республика сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне басшылық етеді.

2. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку