(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 15 СӘУІРДЕГІ № 339 ҚАУЛЫСЫ
Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 Қаулысы
(2013.31.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 4 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдардың басшылары бір ай мерзімде «Әкімшілік реформаны одан әрі жүргізу жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 304 Жарлығын іске асыру мақсатында қызметкерлер санын қысқартуды ескере отырып, штат кестелеріне өзгерістер енгізсін және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне тиісті ақпарат енгізсін.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар, Қоршаған ортаны қорғау министрліктері, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне төтенше жағдайлар, азаматтық қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы функциялардың аражігін ажыратуға байланысты қызметкерлердің санын қайта бөлу және беру жөнінде ұсыныстар енгізсін.
4. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне:
Редакция документа
Демо – версия документа