«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 ақпандағы № 495 Жарлығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 5 Жарлығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 16-бабының 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 26, 273-құжат; 2005 ж., № 20, 236-құжат; 2009 ж., № 5, 13-құжат; 2010 ж., № 43, 385-құжат; 2011 ж., № 52, 711-құжат; 2012 ж., № 42, 552-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ереже осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2013 жылғы ақпанның 4-і.
№ 495
Президентінің
2013 жылғы 4 ақпандағы
№ 495 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2002 жылғы 5 тамыздағы
№ 917 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
комитеті туралы
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мәртебесін, өкілеттіктерін және жұмысының ұйымдастырылуын айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа