(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.08.06 № 764 ҚАУЛЫСЫ
«Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 маусымдағы № 764 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 8 маусымдағы
№ 764 қаулысымен
бекітілген
«Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта
ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Алматы, Астана қалалары мен облыстардың ішкі істер департаменттері (бұдан әрі - ІІД) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
1) «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңы 5-бабының;
2) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы 27-бабының;
3) «Күзет қызметін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 686 қаулысының;
4) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 67-тарауының негізінде көрсетіледі.
Редакция документа
Демо – версия документа