(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.24.05 № 415 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 415 Қаулысы
(2011.08.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2008.17.03. № 254 (бұр.ред.қара); 2008.20.06. № 597 (бұр.ред.қара); 2009.07.05 № 661 (бұр.ред.қара); 2010.07.06. № 518 (бұр.ред.қара); 2011.08.02. № 93 (бұр.ред.қара) қаулыларымен қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 24 мамырдағы
№ 415 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі
және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
құрамы
Байсақова Зүлфия Мұхамедбекқызы
| Қазақстан Дағдарыс орталықтары одағының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
|
Бектұров Азат Ғаббасұлы
| Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі
|
Калюжный Вячеслав Афанасьевич | Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының жетекшісі (келісім бойынша)
|
Редакция документа
Демо – версия документа