Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелі негізде жүргізуді қамтамасыз етсін;

2) жыл сайын, 25 қаңтарға және 25 шілдеге, жартыжылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2012 жылғы желтоқсанның 18-і.

 

№ 449

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2012 жылғы 18 желтоқсандағы

№ 449 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку