Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Кепілдік беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын, олардың мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1644 Қаулысы (күші жойылды)

Кепілдік беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын, олардың мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1644 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1034 Қаулысымен күші жойылды

 

«Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Кепілдік беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидалары;

2) мына:

тауар биржасының кепілдік беру қорының мөлшері - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшері;

сақтандыру қорына тауар биржасы мүшесінің міндетті жарнасының мөлшері - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз еселенген мөлшері бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 20 желтоқсандағы

№ 1644 қаулысымен

бекітілген

 

 

Кепілдік беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру мен пайдалану
 қағидалары және олардың мөлшері

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Кепілдік беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және кепілдік беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку