Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Консулдық заңдастыру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 6 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 145 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 11 қаңтардағы

№ 6 қаулысымен бекітілген

 

 

«Консулдық заңдастыру»

 мемлекеттік қызмет стандарты

 

«Консулдық заңдастыру» мемлекеттік қызмет регламентін қараңыз

 

 

Жалпы ережелер

 

1. «Консулдық заңдастыру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 28-ғимарат, телефон 8 (7172) 72-01-64; Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 65-үй, телефон 8 (727) 272-07-47 мекенжайлары бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) және осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі - шетелдердегі мекемелер) ұсынады.

2. Ұсынылатын мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі № 217 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысының 45 және 46-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 21 қарашадағы № 264 бұйрығымен бекітілген Консулдық заңдастыру ережелеріне сәйкес ұсынылады.

4. Мемлекеттік қызмет ұсыну тәртібі мен қажетті құжаттар туралы ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Министрліктің www.mfa.kz  интернет-ресурсында «Консулдық мәселелер» бөлімінде, осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген шетелдердегі мекемелердің интернет-ресурстарында орналастырылады.

5. Осы стандартқа 2 немесе 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, заңдастыру жазбасын қоюмен консулдық заңдастыруды жүзеге асыру немесе мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылатын мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) ұсынылады.

7. Мемлекеттік қызметті ұсыну мерзімдері:

1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды мемлекеттік қызметті алушының тапсырған сәтінен бастап - үш жұмыс күнінен артық емес;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку