«Мемлекеттік техникалық қызметтің кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 49 Қаулысы (2016.23.05. берілген өзгерістермен)
Мемлекеттік техникалық қызметтің кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 49 Қаулысы
(2016.23.05. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысына тиісті өзгерістер мен толықтыруларды бекітуге ұсынуды;
2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне бекітілсін.
5. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Демо – версия документа