«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 18 қаңтардағы № 480 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 20, 218-құжат; 2002 ж., № 6, 40-құжат; 2003 ж., № 33, 323-құжат; 2004 ж., № 12, 150-құжат; № 30, 399-құжат; 2006 ж., № 39, 429-құжат; 2009 ж., № 24-25, 206-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы ереже осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2013 жылғы қаңтардың 18-і.
№ 480
Президентінің
2013 жылғы 18 қаңтардағы
№ 480 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2000 жылғы 21 сәуірдегі
№ 378 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің, мемлекеттік саяси қызметшілердің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, мемлекеттік органдар мен олардың аппараттары қызметкерлерінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының мынадай ведомстволары бар:
1) «Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
2) «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы» мемлекеттік мекемесі.
Демо – версия документа