«Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1769 Қаулысы (күші жойылды)
Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1769 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 797 Қаулысымен күші жойылды
«Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 382 бұйрығын қараңыз
«Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1769 қаулысымен
бекітілген
Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес әзірленді және Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай қорын (бұдан әрі - бірыңғай қор) қалыптастыру және жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) бірыңғай қордың жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді.
3. Бірыңғай қор мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа