(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002.11.09 № 993 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 Қаулысы
(2012.02.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттiгiнiң мүлкiн жедел басқару құқығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне берсiн.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң қарауындағы ұйымдардың тізбесi бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2009.09.09. № 1328 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.29.10. № 1136 Қаулысымен (2010 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.16.03. № 338 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.21.06. № 814 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.02.11. № 1396 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі штат санының лимиті оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, 944 бірлік санында бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 19.11.02 ж. № 1221 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
Редакция документа
Демо – версия документа