«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 1669 Қаулысы (2015.31.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 1669 Қаулысы
(2015.31.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік мекемесі қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жөніндегі уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі;
2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні кемелерді сыныптау және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізуді;
2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1669 қаулысымен
Демо – версия документа