Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.12.10 № 1559 ҚАУЛЫСЫ

Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559 Қаулысы

(2011.31.08. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2012 жылғы 11 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесі бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы № 15 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 1, 7-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы № 15 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1033 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 40, 443-құжат).

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 982 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 12 қазандағы

№ 1559 қаулысымен

бекітілген

 

 

Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу

ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласында аккредиттеу жүргізу тәртібін белгілейді.

2. Осы Ережеде, мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

денсаулық сақтау субъектілері - жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын денсаулық сақтау ұйымы, сондай-ақ жеке тұлға;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку