(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 31.10.03 Ж. № 63 ҚАУЛЫСЫ
«Қылмыс жасаған тұлғалар туралы» № 2-Л нысанды статистикалық есепті құрастыру бойынша Нұсқаулықты бекіту және іске қосу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2003 ж. 31 қазандағы № 63 бұйрығы
(2006.25.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қылмыс туралы статистикалық есептілікті жетілдіру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Бұйырамын:
1. Бекітілсін:
1) «Қылмыс жасаған тұлғалар туралы» N2-Л нысанды статистикалық есеп 1 қосымшаға сәйкес;
2) «Қылмыс жасаған тұлғалар туралы» N2-Л нысанды статистикалық есепті құрастыру мен қалыптастыру бойынша Нұсқаулық 2 қосымшаға сәйкес.
2. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет (Р.С.Хайруллин) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге алу үшін шаралар қолдансын.
3. Бұйрық құқықтық статистика субъектілеріне, Бас әскери прокурорға, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетке және оның аумақтық бөлімшелеріне, облыс және оларға теңестірілген прокурорларға жолдансын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап өз күшіне енеді және 2004 жылдың 1 қаңтарынан құқықтық қатынас жасау үшін таратылады.
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
«Келісілген»: | Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы | Ұлттық қауіпсіздік комитетінің |
Жоғарғы Сотының Төрағасы | Төрағасы |
30.10.2003 жыл | 21.10.2003 жыл |
Қазақстан Республикасының | Қазақстан Республикасының |
Әділет Министрі | Қорғаныс Министрі |
21.11.2003 жыл | 20.10.2003 жыл |
Қазақстан Республикасының | Қазақстан Республикасының |
Ішкі істер Министрі | Кедендік бақылау агенттігінің |
28.10.2003 жыл | Төрағасы |
Қазақстан Республикасының | 14.10.2003 жыл |
Редакция документа
Демо – версия документа