(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ 2010.29.04 № 301 ...
Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оны беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 301 бұйрығы
Осы редакция 2012 жылғы 24 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9 бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аңшы куәлігінің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес балықшы куәлігінің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қорықшы куәлігінің нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес аңшы, балықшы және қорықшы куәлігін беру ережесі бекітілсін.
2. Келесі бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының аңшы куәлігін беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 19 қарашадағы № 246 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3274 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2007 ж., № 5, 261-құжат) бұйрығы;
2) «Қазақстан Республикасы аңшысының куәлігін беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 19 қарашадағы № 246 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының міндетін атқарушысының 2007 жылғы 12 шілдедегі № 231 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4830 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2007 жылғы шілде-тамызда жарияланған) бұйрығы.
Редакция документа
Демо – версия документа