Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.14.06 № 572 ҚАУЛЫСЫ

Жануарларды интродукциялау мен будандандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген
жануарларды алып қоюға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 572 Қаулысы

 

Осы редакция 2012 жылғы 7 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Жануарларды интродукциялау мен будандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға рұқсаттар беру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 14 маусымдағы

№ 572 қаулысымен

бекітілген

 

 

Жануарларды интродукциялау мен будандастыруды жүргізуге,

сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға

рұқсаттар беру қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Жануарларды интродукциялау мен будандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 8-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарлар дүниесін пайдаланушыларға сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлардан басқа, жануарлардың мекендеу ортасына жануарларды және олардың будандасқан нысандарын интродукциялау мен будандастыруға, жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға рұқсаттар (бұдан әрі - рұқсат) беру тәртібін анықтайды.

2. Ерекше қорғалатын аумақтарда жануарларды интродукциялау мен будандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға рұқсаттар беру Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасының талаптарын ескере отырып жүзеге асырылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку