(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1999.27.05. № 663 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 Қаулысы
(2012.04.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 2 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2008.31.07. № 725 Қаулысымен тақырыбында және 2-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацын және 3-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда, мәтінде «жеңіл» деген сөз алынып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.31.07. № 725 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Мемлекеттік қаражаттарды үнемдеу режимiн күшейту және қызметтік автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 06.03.00 ж. № 359 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлiк қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдердiң тиiстiлiк нормативi (бұдан әрi Норматив) бекітілсiн.
2. Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Iс Басқармасына «Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының Автошаруашылығы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының балансындағы мемлекеттік органдарға бекітілген қызметтiк автомобильдердi олардың балансына беру;
ҚР Үкіметінің 2009.24.03. № 388 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасы Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдарға, сондай-ақ орталық атқарушы органдар болып табылмайтын өзге мемлекеттік органдарға:
«Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының Автошаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорнының балансындағы оларға бекітілген қызметтiк жеңiл автомобильдердi балансқа қабылдау;
2010 жылға дейiн қызметтік жеңiл автомобильдер паркiн жаңартпау;
ҚР Үкіметінің 2009.24.03. № 388 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Министрлiктер, агенттiктер және комитеттер:
Редакция документа
Демо – версия документа