«Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1362 Қаулысы (2014.09.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1362 Қаулысы
(2014.09.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 457 Қаулысымен күші жойылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2013.30.11. № 1297 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.09.12. № 1288 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2013.30.11. № 1297 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 25 қазандағы
№ 1362 қаулысына
қосымша
Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың
айналымына байланысты қызметті жүзеге асыру үшін
біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесі
Р/с № | Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: | Құжаттар | Ескерпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
Барлық кіші қызмет түрлері үшін | |||
1 | Заңды тұлғаның мәртебесі | Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі | «Е-лицензиялау» МДҚ-ны пайдалана отырып тексеріледі |
2 | Санитариялық- эпидемиологиялық талаптарға сай келетін, жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайлар | Санитариялық эпидемиологиялық қадағалау органдарының қорытындысы | «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабында белгіленген тәртіппен лицензиар-орган алады |
Документ утратил силу
Демо – версия документа