«Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарымен қиылысатын жерде темір жолдардың көтерілуіне және төмендетілуіне немесе қосымша жол төсеуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1315 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2013.10.06. № 591 Қаулысымен алып тасталды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 16 қазандағы
№ 1315 қаулысымен
бекітілген
«Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарымен қиылысатын жерде темір жолдардың көтерілуіне және төмендетілуіне немесе қосымша жол төсеуге рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарымен қиылысатын жерде темір жолдардың көтерілуіне және төмендетілуіне немесе қосымша жол төсеуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департаменттері (бұдан әрі - аумақтық орган) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы балама негізде осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдалану ережесінің 12-тармағы 1) тармақшасы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtс.gov.kz («Автомобиль жолдары комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде);
2) ХҚКО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;
3) мемлекеттік қызметті алушы үшін аумақтық орган ғимараттарының ең көрнекі жерінде орнатылған стенділерде;
4) ХҚКО ғимараттарында орнатылған стенділерде;
5) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырылған.
Документ утратил силу
Демо – версия документа