«Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру»мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1271 қаулысымен бекітілген) (2013.06.03. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 22 мамырдағы № 533 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2013.06.03. № 222 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 8 қазандағы
№ 1271 қаулысымен
бекітілген
«Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын
тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2013.06.03. берілген өзгерістермен)
1. Мемлекеттік қызметті Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс мекенжайы бойынша орналасқан тел. 8 (7172) 74-30-66 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (бұдан әрі - Комитет) және осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - уәкілетті органдар) көрсетеді, сондай-ақ «электронды үкіметтің»: www.e.gov.kz веб-порталы арқылы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы және «Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне есептік нөмірлер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 125 қаулысы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) уәкілетті органдардың www.mz.gov.kz интернет-ресурсында;
2) уәкілетті органдардың үй-жайларындағы стенділер мен ақпарат тақталарында;
3) www.e.gov.kz, www.elicense.kz порталында орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат сондай-ақ call-орталығының (1414) телефоны арқылы да ұсынылуы мүмкін.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есептік нөмірді беру туралы анықтаманы беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасымалдағыштағы не уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) уәкілетті органдарға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды тапсырған сәтінен бастап 15 жұмыс күні ішінде көрсетіледі;
құжаттарды тапсыру үшін кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан (отыз минут) аспайды;
мемлекеттік қызметті алу кезінде қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан (отыз минут) аспайды;
2) порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды тапсырған сәтінен бастап күнтізбелік 20 күн ішінде көрсетіледі.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
1) уәкілетті органдарда «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады;
2) порталда - тәулік бойы.
10. Уәкілетті органда мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған орындар, қауіпсіздік талаптарына жауап беретін үй-жайлар, күту және құжаттарды толтыру орындары болады, физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдайлар жасалған. Осы орындар қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілердің үзінділері (үзінді көшірмелері) бар стенділермен жабдықталған.
Порталда мемлекеттік қызмет тұтынушының «жеке кабинетінде» ұсынылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды:
уәкілетті органдарда:
1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішті;
2) заңды тұлға үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе анықтаманы;
3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжатты;
4) тұтынушының өкілі жүгінген кезде - уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжатты және өкілдікке өкілеттікті куәландыратын құжатты;
5) дара кәсіпкер үшін - дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;
6) өндірілетін тамақ өнімдерінің тізбесін ұсынады.
Жеке басын куәландыратын құжаттарды, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе анықтаманы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ұсыну портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден оларда қамтылған ақпаратты уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді.
Порталда:
1) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды;
2) заңды тұлға үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе анықтаманы;
3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжатты;
4) тұтынушының өкілі жүгінген кезде - уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжатты және өкілдікке өкілеттікті куәландыратын құжатты;
5) дара кәсіпкер үшін - дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;
6) өндірілетін тамақ өнімдерінің тізбесін электронды сұрау салуға қоса тіркелетін электрондық құжат нысанында ұсынады.
Жеке басын куәландыратын құжаттарды, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе анықтаманы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ұсыну портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден оларда қамтылған ақпаратты уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжаттар нысанында алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді.
12. Мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініштің нысанын осы стандартқа 1-қосымшада немесе www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген уәкілетті органдардың уәкілетті лауазымды адамынан www.mz.gov.kz алуға болады.
Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін электрондық құжат нысанында сұрау салу толтырылады.
13. Мемлекеттік қызмет алу үшін өтініштің толтырылған нысанын және қажетті құжаттарды тұтынушы осы стандартқа 1-қосымшада немесе www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген уәкілетті органдардың кеңсесіне тапсырады.
Порталда электрондық сұрау салуды жіберу мемлекеттік қызметті тұтынушының «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сұрау салу мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органдарға автоматты түрде жіберіледі.
14. Уәкілетті органдардың кеңсесі арқылы құжаттарды қабылдаған кезде мемлекеттік қызметті тұтынушыға мыналар:
1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні;
2) сұратылатын мемлекеттік қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттар саны мен атауы;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы талон беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде тұтынушының «жеке кабинетіне» тұтынушының мемлекеттік қызмет нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
15. Мемлекеттік қызметті тұтынушыға көрсету нәтижесі:
1) уәкілетті органдарда тікелей өтініш берген адамға немесе оның ресми сенімді адамына (өкіліне) ұсынылады, ол туралы тиісті қолхат жасалады немесе өндіріс объектісінің заңды мекенжайына поштамен жіберіледі;
2) порталда мемлекеттік қызмет тұтынушының «жеке кабинетінде» көрсетіледі.
16. Уәкілетті органдардың мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуы үшін мыналар негіз болып табылады:
1) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектісінің Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес еместігі туралы қорытындының болуы;
2) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттардың тізбесін толық ұсынбау;
3) «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында көзделген негіздер.
Уәкілетті органдар мемлекеттік қызметті тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себебі туралы (екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде) хабардар етеді.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұтынушы «жеке кабинетінен» электрондық құжат нысанында алады.
17. Уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды адамдары өз қызметінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
1) кішіпейіл болу, өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеу және оны пайдаланбау;
2) сыпайы және әдепті болу;
3) құжаттарды қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салуға жол бермеу, белгіленген мерзімде олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;
4) мемлекеттік қызметті тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.
18. Мемлекеттік қызметті тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органдардың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітіледі.
20. Байланыс деректері осы стандартқа 1-қосымшада немесе www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген уәкілетті органдардың уәкілетті лауазымды адамы әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағым дайындауға жәрдем көрсетеді.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты сондай-ақ call-орталығының (1414) телефоны арқылы да алуға болады.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым жоғары тұрған уәкілетті органдар басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі. Уәкілетті орган басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада немесе www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
22. Уәкілетті органның қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым тиісті уәкілетті органның басшысының атына «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі. Уәкілетті органдар басшыларының байланыс деректері осы стандартқа 1-қосымшада немесе www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен немесе бас тартумен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
24. Шағым жазбаша еркін нысанда пошта арқылы не байланыс деректері осы стандартқа 1-қосымшада немесе www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген уәкілетті органның кеңсесіне қолма-қол беріледі.
25. Қабылданған шағым байланыс деректері осы стандартқа 1-қосымшада немесе www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген уәкілетті органның кеңсесіндегі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналында тіркеледі.
Мемлекеттік қызметті тұтынушыға шағымының қабылданғанын растау үшін осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талон беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде электрондық өтінішті жібергеннен кейін тұтынушыға «жеке кабинетінен» уәкілетті органдарда өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
Шағымды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
Шағымды қарау нәтижелері мемлекеттік қызметті тұтынушыға жазбаша түрде пошта арқылы не порталдағы «жеке кабинетіне» не шағымда көрсетілген электрондық мекенжайға жіберіледі
26. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрі туралы қосымша ақпаратты деректері осы стандартқа 1-қосымшада немесе www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген уәкілетті органдардың кеңсесінен алуға болады.
«Санитариялық-эпидемиологиялық
қадағалауға жататын тамақ өнімдерін
өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беруді жүзеге асыратын Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің байланыс деректері
№ | Атауы | Орналасқан жері |
1 | 2 | 3 |
1 | «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті» ММ | 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс, тел. 8-7172- 743066; |
2 | «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» ММ | 010000, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Желтоқсан көшесі, 46-үй; тел. 8-7172-317139; |
3 | «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» ММ | 050002, Алматы қаласы, Жібек жолы көшесі, 5, тел. 8-727-382-35-15; |
4 | «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» ММ | 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Кенесары көшесі, 14 а, тел. 8-7162-26-55-36; |
5 | «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» ММ | 030012, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Саңқыбай батыр даңғылы, 1, тел.8-7132-55-77-29; |
6 | «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік | 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, |
| санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті» ММ | Сланов көшесі, 85-А, тел. 8-7282-21-05-60; |
7 | «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» ММ | 060007, Атырау қаласы, Гурьев көшесі, 7А, тел. 8-7122-35-40-39; |
8 | «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ | 070002, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік (Независимости) даңғылы, 17, тел. 8-7232-76-59-87; ses_vko@mail.ru |
9 | «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» ММ | 080012, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Әйтеке би көшесі, 13, тел. 8-7262-45-08-83; |
10 | «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ | 090001, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Д. Нұрпейісова көшесі, 19, тел. 8-7112-51-27-66; |
11 | «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» ММ | 100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 2, тел. 8-7212-41-14-53; |
12 | «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» ММ | 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 11, тел. 8-7142-54-36-50; |
13 | «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» ММ | 120008, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Чайковский көшесі, 10, тел. 8(7242) 237220; 23-81-46; kyzses@mail.ru |
14 | «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік | 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3 «В» шағын |
| санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» ММ | аудан, 46, тел. 8-7292-50-19-09; |
15 | «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» ММ | 140002, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, С. Торайғыров көшесі, 70/2, тел. 7-7182-55-18-82; |
16 | «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ | 150009, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Мир көшесі, 236, тел. 8-7152-52-14-37;факс 52-14-45; |
17 | «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ | 160000, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Д. Қонаев гүлзары, 27, тел. 8-7252-39-02-69; |
18 | «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Көліктегі департаменті» ММ | 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Қарасай батыр көшесі, 2 а, тел. 8-7172-93-24-28; |
«Санитариялық-эпидемиологиялық
қадағалауға жататын тамақ өнімдерін
өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
нысан
____________________________
Мемлекеттік органның атауы
____________________________
басшысының Т.А.Ә.
____________________________
өтініш берушінің Т.А.Ә.
____________________________
өтініш берушінің тұратын мекенжайы
____________________________
өтініш берушінің байланыс телефоны
ӨТІНІШ
Сізден ____________________________________________________________________________________________
(аудан, көше, үй, пәтер)
мекенжайы бойынша орналасқан санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын
__________________________________________________________________________________________________
объектінің (жобаның, өнімнің, жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің) атауы тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беруді сұраймын.
Қолы
күні, айы, жылы
Қосымша (құжаттардың көшірмелері):
1.
2.
3.
«Санитариялық-эпидемиологиялық
қадағалауға жататын тамақ өнімдерін
өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша
ТАЛОН
1. Сұратылатын мемлекеттік қызметтің түрі: _______________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________
2. Қоса берілген құжаттар саны мен атауы: ________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________
3. Құжаттарды қабылдау күні (уақыты), кіріс № _____________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________
4. Мемлекеттік қызметті алу күні және орны: _______________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________
5. Құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған уәкілетті лауазымды адамның Т.А.Ә., қолы, байланыс телефондары _____
_____________________________________________________________________________________________________
«Санитариялық-эпидемиологиялық
қадағалауға жататын тамақ өнімдерін
өндіру объектілеріне есептік
нөмірлер беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
4-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері
Сапа және тиімділік көрсеткіштері | Көрсеткіштің нормативтік мәні | Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні | Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. Уақтылылығы | |||
1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап қызметті белгіленген мерзімде ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі) | 100 |
|
|
2. Сапасы | |||
2.1. Қызмет ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | 100 |
|
|
3. Қолжетімдігі | |||
3.1. Қызмет ұсыну сапасына және оның тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | 100 |
|
|
3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі) | 40-50 |
|
|
4. Шағымдану үдерісі | |||
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | 100 |
|
|
5. Сыпайылығы | |||
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | 85 |
|
|
Документ утратил силу