Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 400 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 13 қыркүйектегі

№ 1195 қаулысымен

бекітілген

 


«Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру»
мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

 

1. «Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру» (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган): 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайы бойынша көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (Чикаго, 1944 ж.) 8-қосымшасы, «Қазақстан Республикасының әуе кеңестігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 47-бабы, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 112 бұйрығымен бекітілген Азаматтық әуе кемесінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификаттарын тану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет стандарты: www.mtk.gov.kz  мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналасқан.

5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны болып ұшу жарамдылығы сертификатын тану туралы шешімді (телнұсқаны) беру немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы).

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку