Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Азаматтық әуе кемесінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификаттарын тану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникацмия министрінің м.а. 2011 жылғы 3 наурыздағы № 112 Бұйрығы (күші жойылды)

Азаматтық әуе кемесінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификаттарын тану қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникацмия министрінің м.а. 2011 жылғы 3 наурыздағы № 112 Бұйрығы

 

ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 25 шілдедегі № 494 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 47-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Азаматтық әуе кемесінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификаттарын тану қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министрдің

міндетін атқарушы

 

Е. Дүйсенбаев

 

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация

министрінің міндетін атқарушының

2011 жылғы 3 наурыздағы

№ 112 бұйрығымен

бекітілді

 

 

Азаматтық әуе кемесінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификаттарын тану

 қағидасы

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Азаматтық әуе кемесінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификаттарын тану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының талаптарына сәйкес әзірленген және шет мемлекеттер берген азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы сертификатын тану тәртібін айқындайды.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку