Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Бiлiктiлiк санатын бермей маман сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 1173 қаулысымен бекітілген) (2013.20.02. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 141 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2013.20.02. № 158 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакциядва (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 10 қыркүйектегі

№ 1173 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Бiлiктiлiк санатын бермей, маман сертификатын беру»
 мемлекеттік қызмет стандарты

(2013.20.02. берілген өзгерістермен)

 


1. Жалпы ережелер

 

1. «Біліктілік санатын бермей, маман сертификатын беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мекенжайлары мен жұмыс кестелері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің облыстардың, Астана және Алматы қалаларының аумақтық департаменттері (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.e.gov.kz  немесе «Е-лицензиялау» веб-порталы www.elicense.kz  (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 176-бабына, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына (бұдан әрі - «Ақпараттандыру туралы» Заң), «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға арналған біліктілік емтиханын өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 661 бұйрығына, «Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 бұйрығына сәйкес көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) www.mz.gov.kz  интернет-ресурсында;

2) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша уәкілетті органның үй-жайларында стенділер мен ақпарат тақталарында;

3) порталда орналастырылады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции