(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.21.02 № 111 ҚАУЛЫСЫ
Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын және міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру қағидаларын және Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа салымшылармен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 ақпандағы № 111 Қаулысы
(2012.20.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 14 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2012.20.03. № 344 Қаулысымен тықырыбы жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру ережесі;
ҚР Үкіметінің 2012.20.03. № 344 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа салымшылармен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Редакция документа
Демо – версия документа